Қыздың әні (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қыздың әні (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1155
Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.

Қайырмасы:
Астымдағы атым—Торым-ай,
Семипалатинский порым-ай.
Маңдайға біткен сорым, жалған-ай.

Қарала атым, ей, жаным, қарала атым,
Мен танимын қалқамның жазған хатын.
Көрмегелі өзіңді көп күн болды,
Аман-есен жүрмісің қолқанатым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері