Бұл бетте «Марқакөл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салғаным дарияға желкен қайық,
Болғанда сіз бір лашын, біз бидайық.
Іздеген сұрағанға тура келді,
Құлын-тайдай айқасып бір ойнайық.
Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!
Қарағым, сен дегенде қан жұтамын,
Қайбірін қылығыңның ұмытамын.
Түскенде сен есіме, асыл еркем,
Бауырды сазға басып суытамын.
Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі