Мәз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мәз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1909
Баста десең, өлеңнің басы менде,
Тал шыбықтай бұралған жасы менде.
Қара бұлттан қайтарып қар жаудырған,
Шұбарала жайшының тасы менде.

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ үкінің жүніндей үлпілдеймін.
Айтар жерім осындай кез келгенде,
Желмей, шаппай азырақ бүлкілдеймін.

Өлең басы болады бірден сабақ,
Үлкендердің алдында жезден табақ.
Ала қаптың ауызын ашқандай ғып,
Жіберемін өлеңді жүндей сабап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері