Мәтөк әні (1 нұсқа)

Бұл бетте «Мәтөк әні (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1354
Ауылым көшіп қонады-ау Бағылына-ай,
Жаз болса қоян қашады-ау шағылына-ай.
Көп айдың көрмегелі-ау күні болды-ау,
Келемін ақ еркемді-ау сағынып-ау.

Ақ бетің Астарханның қаласындай,
Ақ етің Сыңғырлаудың даласындай.
Көшкенде көш алдында келесің сен,
Қос сырға құлағыңда жарасып-ай.

Сыртыңнан жол таба алмай жанасуға-ай,
Өзіңе әркімдер жүр таласулы-ай.
Екеуміз бір төсектен тұрар ма едік,
Кісінің ағайынды баласындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәтөк әні (1 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Мәтөк әні (1 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәтөк әні (1 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәтөк әні (1 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері