Саятшының қияли серігі – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Саятшының қияли серігі» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көңілге қонса, зеріңді салсаң, баян етейін бірер сөз.
Сырласым түнгі Ай, жарық-жұлдыздар ботадай көлкіп мөлдір көз.
Құрама-құрақ көрпе жастықтай, көкірек болса, ал да сез,
Табылса әуен қөңілге жағар, балқытар құлақ әнге қос.

Домбыра үні құбылып сазы, елітіп тырс-тырс қағады.
Қайнаған гүріл көпірген өзен, тау-тасты бүгіп ағады.
Құсжолы көкте керуен кешкен, жаһангез жолы пана бір.
Шағылған кескін билеген судың толқыны жылт-жылт жанады.

Шолпыдай сылдыр үйкелген талдар сыбырлап әнге салады.
Шіркейді қуып, құйрық пен жалын желпіген аттар мазалы.
Сұңқылдап тұйғын жан-жақты шолып, сақ отыр күтіп кезегін,
Саятшы қозғап түтеген отын дәм суын кешкі татады.

Бай дала көк-шөп, көк кілем көк-бөк боялып күлгін түстерге,
Қараңғы орман зәрені алған, толды ағарған көздерге.
Шегірткелердің, құрбақалардың шулаған үнін тындырар
Ұлыса ит-құс, қақсаса қорқау тыныштық кенет өзгерген.

Тоқылдақ тоқ-тоқ, үкілер сақ-сақ күлгендей болып естілді.
Бұлт арасынан етегін сырып, ұялмай аспан шешінді.
Жамылып жұлдыз жібек көрпесін мүлгіді мәңгі шексіздік.
Темірқазықтан Жетіқарақшы сығалап ұзақ тесілді.

Қоғалы өзен сағасын иген, жағадан құндыз тырбаңдап,
Ағаш қурайдан бөгенін құрып, су кезіп жүрген қорбаңдап.
Жартасты жарып, төнген қарағай ерегескендей жалғанмен,
Басында тырна ұя салумен әбігер болды талтаңдап.

Самал жел есіп, ши басы сып-сып сабалап дымқыл тұманды,
Асу да, сай да, орман да қалғып, тұнық әуенге уанды.
Шертпелі күйге құрышы шөгіп, иіген дала балқыған,
Шалқайған Ай да күлімдеп суда билеген сайын қуанды.

Мүлгіген таулар, шұлғыған орман, ел қалды шалғай самсаған.
Қаруын жастап, күркесін шақтап, бүркітші жатыр шаршаған.
Күйбең тіршілік, улаған қала түсіне кіріп шықпаған,
Арманшыл маған ғанибет болды көрмеген түзді шарлаған.
9.08.2022 Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саятшының қияли серігі өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Саятшының қияли серігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саятшының қияли серігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саятшының қияли серігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар