Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?!

Бұл бетте «Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?!» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көше бойлап келе жатсам, дін-аман,
Көзді сүзіп, елең еттім бұралаң.
Қадалғаннан, қараң қалды дүние,
Көлеңкем де сеспей қатты сұлаған.

Салмақ бітіп, жағым жерге құлаған.
Сені көрсе, Рим Әкесі жылаған!
Апырай ау, айтыңдаршы ағайын!
Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?!

Түзу жолда өз-өзімен жығылып,
Көрген еркек бағанаға ұрнып.
Өзім тұрмақ, ұялшақтап сұр сұлбам,
Балағымнан сығалайды тығылып.

Кептелуде, қағысуда бар көлік.
Әйелдер де жалт қарайды бұрылып.
Күн баққандай күнбағыстар далада,
Осындай-да болады екен сұлулық?!
Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?! өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сонша сұлу бола ма екен тірі адам?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер