Бұл бетте «Мереке» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Көрінер қора сұлу қойы болса,
Көрінер қыздар сұлу бойы болса.
Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз,
Мереке күнде осындай тойы болса.
Қайырмасы:
А-ха-хау-ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арманы.
Аспанда ай болмаса, адасады,
Көңілді күлмей жүрсе, кір басады.
Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты, кілт болмаса, кім ашады?
Қайырмасы:
А-ха-хау-ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арманы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі