Нағима – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Нағима» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1807
Бұлдыр-бұлдыр көрінер қашқан тазы,
Күні қараң бұлбұлдың қапастағы.

Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!

Қаз ойнаған қарға мен ар емес пе,
Бұрынғыдан ғашықтық қалса дағы.

Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!

Шауып шықтым басына жеті қырдың,
Жоны жақсы, жалы жоқ бөкен сұрдың.

Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!

Тауда да бар, талабы таста да бар,
Ақ жүзіңді, Нағима, неге бұрдың?

Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері