Өлең, жыр, ақындар

Озбайды деме уақыт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Озбайды деме уақыт,
Тозбайды деме ғимарат.
Тасты да мүжіп, уатып,
Ғасырлар өтер зымырап.
Жалына келем жабысып,
Астымда асау ғұмыр-ат.
Ажалмен кейде алысып,
Әкетпек болған жұлып ап.
Қас қағым сәттей болмасын,
Ғұмырдың бастан білсем де.
Ішімде еріп қорғасын,
Жатады күліп жүрсем де.
Тілегім, жалғыз тілегім –
Қалдырма арман көңілге.
Соға бер, қайран жүрегім,
Келмеймін екі өмірге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Озбайды деме уақыт өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Озбайды деме уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Озбайды деме уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Озбайды деме уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері