Назқоңыр (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Назқоңыр (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2061
Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен,
Басымды не сыйқырмен әуреледің.

Қайырмасы:
Ахахахау-лем, улайлем...

Ей, сәулем, сіз бір алтын сағаттағы,
Жақсы адам көңіліңді табат дағы.
Жаманға бір сөз айтсаң, шалқалайды,
Сондықтан көңіл шіркін қалад дағы.

Қайырмасы:
Ахахахау-лем, улайлем...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері