Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Нарынбай қоспақ (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1169
Біздің ел жүруші еді Нарын жайлап,
Көкорай-ау, шалғынына бие байлап, бие байлап.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.

Ауылым Толыбайдың қуысында,
Қалампыр-ау, талшынменен уысында.
Өзіңмен айтқан сертті орындауға,
Барамын-ау, келер айдың туысында.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.

Ені жоқ, таңбасы жоқ қарала аттың,
Базарда-ау бәсі қымбат асыл заттың.
«Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген сөз бар,
Жігітке-ау пайдасы жоқ жаман аттың.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері