Бұл бетте «Ой, деш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасың қара, ей, қалқа, бетің айдай,
Ойнақтайсың, еркелеп телі тайдай.
Қайда барсам қалмайсың бір есімнен,
Көлеңкеңді көрсетіп қызыл байлай.
Қайырмасы:
Ой, қыздар-ай, дертке қуат,
Сәнге зият,
Ботпай, Шымыр,
Сиқым, Жаныс,
Жанбай, Қапал,
Ойық, Тілік,
Мүйіз-Суан,
Киіз-Суан,
Торы төбел атым бар толықсыған.
Сыры кетсе, сырлы аяқ сыны қалған,
Алтын сапты кездіктің қыны қалған.
Аяғыңды керігіп баса алмайсың,
Сұр жорғадай, сұлуым, болдым арман.
Қайырмасы:
Ой, қыздар-ай, дертке қуат,
Сәнге зият,
Ботпай, Шымыр,
Сиқым, Жаныс,
Жанбай, Қапал,
Ойық, Тілік,
Мүйіз-Суан,
Киіз-Суан,
Торы төбел атым бар толықсыған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі