Бұл бетте «Орта бойлым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
Қаңбақ ұшар даланың желіменен,
Мұз көшеді өзеннің сеңіменен.
Торғай жолдас тотыға бола алмайды,
Ойнағаны жарасар өз теңімен.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
Мойыныңа жарасқан ақ меруерт,
Ойнамасаң, күлмесең, тарқай ма дерт.
Өзің теңдес ұнатсаң бір құрбыңды,
Алысқан қол, айтқан сөз—сертіңе жет.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі