Бұл бетте «Сайра» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маңдайың біткен жазық бақ тамғандай,
Көзіңіз қараңғы үйде шам жанғандай.
Әзілмен бір-екі ауыз сөз сөйлесең,
Естіген жан жамағат таң қалғандай-ай,
Қайырмасы:
Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде,
Қызыл тілім сайрасын.
Тіліңіз шекер менен балдан тәтті,
Ажарың, ой жіберсем, нұр сыйпатты.
Отыз тіс аузыңызда меруерттей,
Анадан тумас адам дәл сіз затты.
Қайырмасы:
Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде,
Қызыл тілім сайрасын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі