Атамның наурыз батасы – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Атамның наурыз батасы» атты Ернұр Сейдахмет жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 1
  • 3742
Біс-міл-лә, рах-ман-и-ра-хим!

Елден ырыс кетпесін!
Ешкім уайым шекпесін.
Араздасқан ағайын,
Ұмытсын реніш, өкпесін.

Жақсы жолда қалмасын.
Жаман бүлік салмасын.
«Бөрі етектен тартпасын,
Жау жағадан алмасын».

Түгенделсін жоғымыз.
Тойға ұлассын тойымыз.
Оңғарылып ісіміз,
Орындалсын ойымыз.

Көңіліміз шат болсын!
Пейіліміз ақ болсын!
Құтты болып Әз Наурыз,
Әрбір үйге бақ қонсын!
Әумин!


Пікірлер (1)

Дурдана

Маған өте қатты унады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атамның наурыз батасы өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Атамның наурыз батасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атамның наурыз батасы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атамның наурыз батасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері