Сен ұйықтап жатқанда – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Сен ұйықтап жатқанда» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3880
Сен ұйықтап жатқанда,
Көкжиектен таң атты.
Тұрып ерте ақ таңда,
Суарды ағаң торы атты.

Сен ұйықтап жатқанда,
Әжең пешке от жақты.
Көкорайлы шатқалда
Атаң сенің шөп шапты.

Сен ұйықтап жатқанда,
Пісірді анаң тамақты.
Күтім жасап бақтарға,
Жөндеді әкең шарбақты.

Сен ұйықтап жатқанда,
Қозы-лақты кім бақты?..
Сен ұйықтап жатқанда,
Осылайша күн батты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен ұйықтап жатқанда өлеңінің авторы кім?

Ернұр Сейдахмет — осы өлеңнің авторы.

Сен ұйықтап жатқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен ұйықтап жатқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернұр Сейдахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен ұйықтап жатқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері