Бағбан – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Бағбан» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2011
Өсіретін ұл-қызды
Кім жек көрсін сәбізді?
Алма, алмұрт, шиені
Жегенді ел сүйеді.

Тәтті асқа айналған
Жеміс-жидек айналам.
...Аз ұйқыны жөн көрем,
Ерте тұрып күнменен.
Шөліркеп су сұраған
Бау-бақшамды суарам.

Шаруам болмай өткенмен,
Арық тартам кетпенмен.
Қолға алып күректі,
Жөнге салам жүйекті.
Бір күнім бос өтпейді,
Терлемей іс бітпейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері