Тіл-тірлігімнің айғағы – Бекзат Берікболова

Бұл бетте «Тіл-тірлігімнің айғағы» атты Бекзат Берікболова жазған тіл туралы өлең берілген.

Тілім барда көңілім де жайдары
Қорласаңдар бәрінен де сол қайғы
Құрметтеңдер, биік ұстап мәңгілік
Себебі - тіл тірлігімнің айғағы.

Тілім менің - баға жетпес байлығым
Қалқып жүзер мөлдір, таза айдыным
Асқақтатсақ мәртебесін тілімнің
Болар еді төрт құбылам сай менің!

Қазынамыз ортаймасын құлдырап
Өзге тілде сөйлемеңдер бұлдырлап
Қағаздың да тек қиқымы қалады
Жұлмаласа жан жағынан жұлқылап.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар