Мұғалім – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мұғалім» атты Алмат Исәділ жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3330
Жаққан білім шырағын,
Таққан ғылым тұмарын.
Әліппені үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Баптап ойдың қыранын,
Тапқан асқақ тұрағын.
Жазуға да үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Шырқап шаттық жыр-әнін,
Ашқан ақыл бұлағын.
Жақсылыққа үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,
Білімді боп шығамын.
Биіктерден көрінсем –
Сенің арқаң – мұғалім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұғалім өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Мұғалім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұғалім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұғалім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері