Сәлем – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Сәлем» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 6818
Сәлем берем ақсақалға,
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.
Риза болар жақсы атам да,
Көрсеткенге мол құрмет.

Сәлем берем әже-апама,
«Есенсіз бе?» – деймін де.
«Шүкіршілік, е, жасаған!» –
Ақ батаға байимын мен.

Сәлем берем үлкендерге,
«Аманбысыз, аға?» – деп.
«Таудай болғын жұрт өрлеген!»
Тілек айтар о да көп.

Сәлем берем кішілерге,
«Саумысың, – деп, – бауырым?»
Сәби сөзге түсінер ме,
Жимияды сәл інім.

Өніп-өсіп өз дестеңде,
Асуға шық, ас белес!
Адамдармен кездескенде
Сәлем берем, басқа емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері