Отырмын

Бұл бетте «Отырмын» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1860
Бар кiшкентай мысығым,
Көздерiнiң қысығын!
Жұмсағын-ай жүнiнiң,
Титтəйiн-ай тiсiнiң!
Қазiр менiң алдымда
Ұйықтап жатыр маужырап,
Келгендей-ақ əлгiнде
Тышқан қуып қалжырап.
Балалардың дауысы
Естiледi даладан.
Барар едiм, шiркiн-ай!
Ал, отырмын манадан.
Тəттi ұйқысын қия алмай,
– Мысығым сəл тынықсын, –
Отырмын мен тұра алмай,
– Бұзбайын, – деп, – тынышын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырмын өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Отырмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отырмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отырмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері