Арқан болар тырналар

Бұл бетте «Арқан болар тырналар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1538
Нiл бояулы көктем кеп,
Аспан мөлдiр көкпеңбек.
Желбiреткен самалын
Жер одан да өткен көк.
Шық моншағы үзiлiп,
Құлпырады қырқалар.
Келедi ұшып тiзiлiп,
Тырналар, көп тырналар.
«Тыраулайды» тырналар,
Таныс бiзге сол ырғақ.
Дауыстайды балалар:
«Арқан бол!» – деп,
қол бұлғап.
Естiгендей олар да,
Қанат қағып, жайланып.
Бейне арқан болар да,
Ауылды бiр айналып.
Қос қанаты – құшағы
Көктiң жүзiн аймалап.
Алыс жаққа ұшады,
«Айдын көлдер қайдалап».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқан болар тырналар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Арқан болар тырналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқан болар тырналар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқан болар тырналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар