Бір тілім бақыт – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Бір тілім бақыт» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жер менен көк. Алыс қандай арасы!
Сол аралық кірпігіме ілінген.
Сырларым да соған ғана сезіліп,
Мұңдарым да соған ғана білінген.
Бітпей қойды көңілімнің алаңы,
Жанарымда – шыр айналған дүние.
Кім қаншалық ғашық болса өмірге,


Төзімге де сол ие!
Жүрегіме қона алмай жүр Жыл құсы,
Ей, жапырақ, айтпай-ақ қой маған дау.
Көктемдерді көктемдерге жалғайтын
Армандауды ұмытпаған адамдар.
Тағы жетті көктеменің күркірі,
Көк ала күн, тіршілікке бер тыным!
Маған,
Саған,
Оларға да
Керегі –
Бақыт қана бір тілім,
Бақыт қана бір тілім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір тілім бақыт өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Бір тілім бақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір тілім бақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір тілім бақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері