Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр,
Мен жадырап кетпедім жазғалы жыр.
Жабысып-ап сонша мұң жүрегіме
Жанымды жабырқатып қойғалы жүр.
Әп-пақ өлең, әп-пақ жыр, әй, лағыл сыр,
Аянышты өзіңсіз Айдағы нұр.
Келеке етпе қамкөңіл адамдарды
Күлегештің айласы, қайдағы бір!
Сен бетімнен сүйдің бе, таңғы сәуле,
Болмағаным ендеше жәй бір әуре.
Барлық, барлық бақытым көлге айналып
Жағадағы қарайды ләйлі гүлге.
Ұғынамын үлпілдек жыр мекенім,
Жүрегімнің лүпілі – жырда екенін.
Күз бақыты – көктемде, күзді көрсем,
Сезем барлық ақынның мұңды екенін.
Шұғыласын шашатын бақбақтарға,
Қуаныштың барлығы - әппақ таңда.
Кірпіктерін көтеріп мұңдарымның
Армандарым қарайды асқақ тауға.
Өткелдер мен өмірдің ойдымдарын,
Өткеремін басымнан тойдың бәрін.
Ақ жаңбырлар селдетті, мен де жауып,
Жабырқатып жанымды қойдырмадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ жаңбырлар селдетіп, тойлады қыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері