Қыста құстар қадірлі – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қыста құстар қадірлі» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 6273
Жер ақ қарға оранды,
Күн аязды, боранды,
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.
Мұрынымыз қызарып,
Құлақтарды үсiттi.
Қысқа түндер ұзарып,
Кидiк тон мен iшiктi.
Суық торғай – сұр торғай
Кетпей қалды басқадай.
Суықта да жүр торғай,
Туған жерiн тастамай.
Құстар бiзге ұнайды,
Туған жерде жүретiн.
Суығына шыдайтын,
Ыстығына күйетiн.
«Нағыз құстар солар», – деп,
Қадiрлеймiз аса бiз.
«Қарны ашып қалар», – деп,
Күн сайын жем шашамыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері