Жазда неге түн қысқарады? –
Ескен Елубаев
Бұл бетте «Жазда неге түн қысқарады?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жазда неге түн қысқа,
Керiсiнше күн ұзақ?
Қыста неге күн қысқа,
Керiсiнше түн ұзақ?..»
Сұрақ қойдың сен маған
Шым-шытырық осындай.
Жауап бердiм мен саған,
Сол заматта тосылмай.
Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңiлi талапты
Қалсын дедiм жұбанып:
– Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы,
Айналаңа зер салғын.
Қызған ойын базары,
Күн де жылы,
Жер – шалғын.
Келдi, мiне, каникул
«Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ».
Жаз жақсы емей,
Кəнiки –
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.
Келетiн қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түндi əдейi ұзартып,
Күндi ерте батырды.
«Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, – деп, – сабақты».
Ызғар шашып бойынан,
Түйедi ол қабақты...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі