Себеп
Бұл бетте «Себеп» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдым бүгiн «екiлiк»,
Ойламап ем сұрар деп.
Қорықпаймын,
Жекiрiп,
Сонда да апам ұрар деп.
Жазатайым тағы да,
Жыртып алдым жейдемдi.
Апам бүгiн бағыма
Ештеңе де демейдi.
Клубқа да барамын,
Киноны да көремiн.
Əбден ойным қанады,
Сосын үйге келемiн.
Бүгiн еркiн жүремiн,
Сайрандаймын, күлемiн.
Бiздiң үйге,
Себебi,
Қонақ келген, бiлемiн.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі