Бұл бетте «Қайыры шайыр болды» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жапақтың бiр елпеңдеп
Мейiрiмi ұстады.
Қойды айдап келем деп,
Құрақ болып ұшқаны.
Жалқаулығын бетiне
Басатын ел мiн етiп.
Содан ба екен,
өзiне
Кетсе керек сын өтiп.
Қолына ұстап барады
Атасының таяғын.
Жылдам-жылдам алады
Күс-күс болған аяғын.
Шынымен-ақ ұқыпты
Адам бола қалыпты.
Мал алдынан шығыпты,
Салмақты өзi, байыпты.
Бүгiн көңiлi түсiп бiр,
Қолдың ұшын бергенге,
Мал соңынан ұшып жүр,
Быт-шыт қылып бөлгенде.
Көзге түсiп қайтам деп,
Бiрақ Жапақ бүлдiрдi.
Бөтен қойды айдап кеп,
Үйдiң iшiн күлдiрдi.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі