Табыңдар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Табыңдар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1783
Асан-Үсен екеуi
Тату-тəттi дос едi.
Көңiлдерi қош едi,
Екi қолы бос едi.
Отырған соң зерiгiп,
Бiр ермектi тауыпты.
Бiр-бiрiне керiгiп,
Ерегiсiп қалыпты.
Асан айтты:
Алманың пiскенi маған,
Көгi саған.
Үсен айтты:
Қиярдың пiскенi саған,
Көгi маған,
Асан айтты:
Қарбыздың iшi маған.
Сырты саған.
Үсен айтты:
Дүмбiлдiң iшi саған,
Сырты маған.
Асан айтты:
Капустаның көгi маған.
Пiскенi саған.
Үсен айтты:
Жүзiмнiң көгi саған,
Пiскенi маған.
Асан айтты:
Жуаның көгi маған,
Қурағаны саған.
Үсен айтты:
Күнбағыстың көгi саған,
Қурағаны маған.
Асан айтты:
Жаңғақтың дəнi маған,
Сырты саған.
Үсен айтты:
Алшаның дəнi саған,
Сырты маған...
Егес бiттi осымен,
Доғарды олар сөздерiн.
Неге бұлай айтысты,
Табыңдаршы өздерiң?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табыңдар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Табыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері