Армысың! – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Армысың!» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақыт — бітпейтін жолдарда шығар,
Қорқуды білмейтін қолдарда шығар.
Сенде де, ешбір селт етпейтін әлем,
Бұдан жақсы өмір болған да шығар.
Көктегі Ай мен Күн аман-есен.
Көңілге сол бір көктемдер көсем.
Келісер ме едің, қараша күздер,
Мұңаймайтындар болмайды десем?
Қадірлілерін қорғамайтындар,
Намыс найзасын қайрамайтындар,
Мұңсыз адамдар — бүгіні менен
Ертеңін мүлдем ойламайтындар.
Өмір-өзеннің білетін тезін,
Күңкіл-шүңкілге күлетін кезім.
Армысың,
Айдан,
Күннен,
Адамнан
Жақсылық қана күтетін сезім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армысың! өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Армысың! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Армысың! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армысың! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері