Махаббат келді маған да – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Махаббат келді маған да» атты Мақпал Жұмабай жазған махаббат туралы өлең берілген.

Махаббат келді маған да,
Қарсы тұрмадым, себебі
Мендегі ерке жүректі
Сезімдер ғана жеңеді.
Күмбір де күмбір даламда
Махаббат жайлы бар аңыз.
Сол аңыздардың жалына
Жабысып алдық жаңа біз.
Көктемедегі нөсермін,
Жыр болып жерге тамамын.
Өмірді өле сүюші ем
Сені де сүйе аламын.
Сағыныштармын сап-сары...
Лүпілдеп тұрған жүрекпін.
Білемін саған қымбатпын,
Білемін саған керекпін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері