Ұйқысыздық – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Ұйқысыздық» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көзімді жұмсам...
Мөлт-мөлт етіп жанары
Маған қарап тұрар Жылдар жаралы
Олар маған мың-мың сауал қояды
Менде жауап жоқ әлі...
Көзімді жұмсам...
Жалт-жұлт етіп көздері
Маған қарап тұрар Бала кездерім.
Оған берген уәделерім көп еді.
Солар мені тығырыққа тіреді...
Көзімді жұмсам...
Таусылып бар төзімі
Маған қарап тұарар Мұңды сезімім.
Бұл күнде мен болып алдым ақылды
Ал сезімім шарқ ұрды.
Көзімді жұмсам...
Жүзі айғыз-айғыз боп.
Маған қарап тұрар Ұлы Жалғыздық.
Күні бойы одан үнсіз қашамын.
Ал ол мені түні бойы тосады.
Көзімді жұмсам...
Лүп-лүп етіп жүрегім
Түсімде ылғи құстай ұшып жүремін.
Өз елесім маған тыным бермейді,
Менің мүлдем Елес болғым келмейді.
...Ұйықтамаймын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыздық өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері