Сен үшін таңда оянғым келген – Ақбота Бейбітбек

Бұл бетте «Сен үшін таңда оянғым келген» атты Ақбота Бейбітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1905
Сен үшін таңда оянғым келген,
Боянғым келген сен үшін,
О, менің ұлы жеңілісiм hәм жеңісім.
Күн болып күліп,
Ай болып қалқып,
Жұлдыздай сосын жайнасам
деген тілегім түс екен қазір ойласам.

Сен үшін кеште билегiм келген,
Сүйрегiм келген үмітті,
О, менің ғазиз махаббатым-ау,
сенімді hәм күдікті.
Кешіріп болдық,
Көсіліп болдық,
Кешігіп болдық, ақталма,
Жақыным болма, жат болма!

Сен үшін қайта жаралғым келген,
Жаңарғым келген сәт сайын,
О, шерлі көңілім, фаруаз мұңым патшайым.
Ақын қыз дедің,
Атың Күз дедің, Көктем ем,
Мезгілінен кеш көктеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері