Жұмбақ өлең – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жұмбақ өлең» атты Ескен Елубаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3514
Бiрi киген киiмдi
Екiншiсi киедi.
Қайда барса бiр барып,
Жұбын жазбай жүредi.
Тұра алмайды жарыспай,
Ағайынды екеуi.
Бiр-бiрiнен қалыспай,
Кезек озып кетедi.
Əлi күнге бұлардың
Бəсекесi бiтпедi.
Не бiреуi қалып қап,
Бiреуi озып кетпедi.
(Екi аяқ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері