Қара жәшік – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Қара жәшік» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әр адамның ішінде ешкім аша алмайтын, ешқашан ашылмайтын бір-бір «қара жәшік» бар...

Кірпігіме ілінген күннің бәрін өзіңе.
Көкіректі кернеген мұңның бәрін өзіңе.
О, алыстан мұнартқан шыңның бәрін өзіңе.
Өлеңге де айтпайтын сырдың бәрін өзіңе
Сақтап қоямын...
Өзім ғана сенетін шындығымды өзіңе.
Өзім ғана сүретін тірлігімді өзіңе.
Өзім ғана еститін күмбірімді өзіңе.
Мойындағым келмейтін сұмдығымды өзіңе
Сақтап қоямын...
Мейіріммен қараған көздің бәрін өзіңе.
Анам айтқан аяулы сөздің бәрін өзіңе.
Тағдырымды сел еткен тездің бәрін өзіңе.
Өтті деуге қимайтын кездің бәрін өзіңе
Сақтап қоямын...
Үзілейін деп тұрған төзімімді өзіңе.
Алданбауға үйреткен сезігімді өзіңе.
Мені Жерде бар еткен сезімімді өзіңе.
Мені түбі өлтірер сол сезімді өзіңе
Сақтап қоямын...
Қасіретті һәм сұлу заманымды өзіңе.
Кең даламда жаңғырған азалы үнді өзіңе.
Мөлт-мөлт етіп жас тұнған жанарымды өзіңе.
Жылап тұрып сүйетін қазағымды өзіңе
Сақтап қоямын...
Қара жәшік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара жәшік өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Қара жәшік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара жәшік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара жәшік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері