Ақ кеме күткен жолаушы – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Ақ кеме күткен жолаушы» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өрт болып кеудем...
Жанымда мың күйік бардай.
Қызыл да жасыл дүние қым-қуыт қандай?
О, мендік мұңның түбі жоқ.
Түбі көрінбес
Айвазовскийлік тұңғиықтардай.
Тұңғиықтарда тұншықтым.
Толқын тіледім.
9 вал ашу – жазылмаған дүр жыр едің...
Айдын бетінде мөлдіреп жатқан арым бар.
Арым бар аппақ.
Дүние-ай, неткен кір едің?!
Ой – дауа деуші ед.
Сорларым – ойдан.
Ой – даушы...
Бір асау ойға бір абыз ойым бұғаушы.
Мақпал-ау, сен ғой ғасырлық төзімдеріңмен
Ақ кеме күткен жолаушы,
Ақ кеме күткен жолаушы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ кеме күткен жолаушы өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Ақ кеме күткен жолаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ кеме күткен жолаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ кеме күткен жолаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері