Сөз

Бұл бетте «Сөз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2529
Сөзбен жүздестiм. Сөзбен таныстым.
Сөзге ғашық боп, жата-жабыстым.
Сөздiң сиқыры билеп бойымды,
Сөзбен уланып, сөзден бал iштiм.

Сөзден от жақтым, ошақ лаулаттым.
Сөзден оқ жонып, жебе заулаттым.
Аңғырт азуды айға бiледiм,
Албырт көңiлдi қарға аунаттым.

Сөзге сендiм мен. Сөзге семiрдiм.
Жаным-тәнiммен сөзге берiлдiм.
Сөзден оқ тидi, сөзден жығылдым,
Сөзден қуат ап, сөзге жегілдім.

Сөзбен алыстым. Сөздi кемiрдiм.
Сөзден шаршадым. Сөзден жеңiлдiм.
Еттен өттiң ғой, сүйекке жеттiң ғой,
Сөзеке, сонша саған не қылдым?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері