Көздеріңе ғашықпын – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Көздеріңе ғашықпын» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 4
  • 55551
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.

Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.

Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.


Пікірлер (4)

Роман

Керемет

Сара

Көздеріңе ғашықпын өлеңі ұнады

Жанболат

Өте жақсы

Қайрат

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздеріңе ғашықпын өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Көздеріңе ғашықпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздеріңе ғашықпын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көздеріңе ғашықпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері