Бұл бетте «Түркістан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 1056
Көргенмін сені
Ғасырлар терезесінен.
Тағлымыңды танып,
Тарихтың шежіресінен.
Көгілдір күмбездерің бой таластырғандай,
Кеудесі көк тіреген хандардың дәрежесімен.
Көкірегіне сыр түйіп, байтақ армандай,
Ғұлама жылдар бастарын шайқар ормандай.
Қасиетті Тайқазан қайта келген соң,
Қазағымның құты да қайта оралғандай.
Ынтығып, неге ұмтылар саған мұнша адам,
Қаншама ақын жыр арнап, қалам жұмсаған?
«Ұлылық деген не?» десе, көрсетем сені,
«Қасиет деген не?» десе, қараймын саған!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі