Тәуелсіздік тарихы
Ерте, ерте, ертеде...
Еуразиялық өлкеде.
Ақылды әрі білікті,
Сақтар өмір сүріпті.
Бес мың жыл бұрын мініпті,
Жылқыдай текті түлікті.
Теріден шалбар тігіпті,
Құндыздан бөрік киіпті.
Бес қаруды сайлапты,
Мыңғырған малын айдапты.
Ат тұяғы жететін,
Елдердің бәрін жаулапты.
Қытай мен орыс сый беріп,
Татулыққа уәде апты.
Үндістан, Мысыр, Еуропа,
Елуге тарта мемлекет,
«Кентаврлар» - деп ойлапты.
Ат құлағында ойнаған,
Қаны таза абадан,
Түркілер солай сап құрып,
Дүние жүзін жаулапты.
Қашанғы жұрттар аһ ұрсын,
Сақтардан қорқып, басылсын?
Бір-біріне айдап сап,
Хандардың жұтты басын шын!
«Бөліп ал да, билей бер!»-
Деп жан-жақтан атылсын.
Зеңбірек, мылтық әкеліп,
Жоңғарды жойған қазақты,
Отарлап алды орыс мың.
Патшаға біраз бағындық,
Сұлтандар мөр ап, жағынып.
Большевиктер келген соң,
Кедейлер кетті қағынып.
70 жыл КСРО басқарып,
Қазақты қырды жат халық.
Дін менен дәстүр мансұқ боп,
Жейтұғын мал мен астық жоқ.
Қырылды қазақ аш қалып.
Халқының көріп қасіретін,
Алашордашыл ерлерім.
Автономия алды Ресейден,
Білсе де қауіп төнгенін.
Айтқандай жаппай атылды,
Қалғанын фашист, жау қырды.
Семейде атып ядросын,
Қарадай бізді басынды.
Күні-түн қару өндіріп,
20 триллион доллар шашылды.
Дүкенде нан жоқ жейтұғын,
Одақ елдері ашынды.
Мұнайдың түсіп бағасы,
19-ға 110 -нан,
Қағылды солай КСРО -
АҚШ-тан келер ақшадан.
Артынша елде басталды да дағдарыс,
Қалжыратты Ауғанға ашқан сұм соғыс.
Әскерменен, қару босқа шығын боп,
Он жыл бойы бос әуреге кетті күш.
Осы істерге наразы боп ішінен,
Республикалар бас көтерді бір-бірден.
«86 оқиғасы» одақты -
Тітірентті, қарсы шықты жұрт бірден!
Балтықта елдер шықты күнде шеруге,
"Тәуелсіздік" жайлы ән айтып, «елім»-деп.
КомПартия кетсін! - деді біржола,
Амалсыздан орындады Горбачев.
Тоқсаныншы жыл, оныншы наурызда,
Үш жүз мыңдық шеру өтті, алаңда.
Он екісі күні бүкілодақтық,
Жиын өтті қалатұғын тарихта...
КомПартияға соңғы нүкте қойылды,
Қу Горбачев бастап жаңа ойынды.
СССР президенті болуға -
Өзін-өзі ұсынды елге сол күні.
Ұнатпады мұндай сөзді көпшілік,
Айқай салып, қарсы болды тепсініп.
Осы сәтте Назарбаев сөз алып,
Горбачевты қолдады осы.. деп - дұрыс!
Әрбір сөзі тырп еткізбес дәлелді,
Амалсыздан парламент те көнеді.
«Бас хатшымыз президент болса егер,
Хатшылар да болсын президент», - деп еді ...
Халық бірден қолдап кетті ұрандап,
Тәуелсіздік, еркін күнді қиялдап...
Республика басшылары сол жерде -
"Президент" боп шыға келді әп-сәтте-ақ!
Ал қазанның жиырма бесі, сол жылы,
"Егемендік декларациясы" бекіді.
Байқоңырдан бастап бар ел байлығын,
Қазақстан үкіметіне өткізді.
Сайлап ұлттық "Қауіпсіздік кеңесін",
Полигонын жапты бірден Семейдің.
Елбасымыз ынтымақтастық орнатты,
Бекітті көп ұлтаралық келісім!
Шет елдермен байланыстар күшейіп,
Инвесторлар тартылды елге тездетіп.
"Зайырлы әрі құқықтық Қазақстан"-
Қайта еңсесін тіктеді егемен боп..!
Он алтыншы желтоқсан, тоқсан бірде,
"Тәуелсіз ел"- атандық ресми түрде...!
Алғаш рет бізді "ел" деп мойындаған -
АҚШ-тан Бейкер келді ертеңінде.
Екі аптада жетпіс ел мойындады,
Қазақстан картадан орын алды.
Аса шебер жүргізген тың саясат,
Өз жемісін молынан беріп жатты.
Артынша БҰҰ-ға мүше атанып,
Әлемдік додаларға қатыса алдық.
Дүниежүзі қазақтар құрылтайын,
Өткізіп..
Қандастардарды елге тарттық!
Тоқсан үште "Ата заң" қабылданды,
Төл теңгесін қазағым қолына алды.
"Болашақ" жобасымен жастарымыз,
Шет елдерге оқуға кетіп жатты....!
Ғарышкерлер ғарышқа ұшып келді,
Инвесторлар қаржысын құйып берді.
Астананы көшіріп Ақмолаға -
ЕХРО-ны өткіздік... әлем көрді!
Ал қазіргі басшымыз – Қасымжомарт,
Ақылымен халыққа отыр ұнап.
Ұстаздардың жағдайы жақсаруда –
Өсіп жатыр білімді, ойлы ұрпақ!
Дамып жатыр әр сала өз жолымен,
Кәсібилік — қазір сән болып кеткен.
Өз ісіңді тым шебер меңгере алсаң,
Ақша жауар көк емес, Каспий голд-тен!
Ақыл болса басыңда елге жағар,
Білім бер де, таба бер тиыныңды әр.
Қаласаңыз жер шарын шарлап шығып,
Жіберіңіз сатуға түрлі тауар.
Тәуелсіздік сыйы осы — бұл еркіндік!
Ешкім сізді бөгемес, қарсы шығып.
Арманыңды айтсаңыз жоба қылып,
Мемлекет те береді қаржы бөліп.
Тек қимылда, диванда жатып алмай,
Заман басқа дәл қазір, талап сондай.
Әр күн сайын білім ап, ұмтылмасақ,
Артта қалып қоямыз елден талай!
Тыныштықты ұтымды пайдаланып,
Үй салайық сол үшін айға барып.
Тәуелсіздік — ең құнды сый екенін,
Шынымен де сезінер сонда халық!
Гүлмекен Қасенбай
2020 ж
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі