Көгершінге наз
Бұл бетте «Көгершінге наз» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хат тасып жүрген көгершін,
Иеңдей маған сенерсің.
Қайтесің, күтіп тұр алда...
Сені де, мені, нелер сын.
Самғашы көктің төсіне,
Шарлашы, екпін есіле.
Ойымды оқып білгендей,
Қарайсың неге тесіле?
Түсірер деме торына,
Қалықтай қоншы қолыма.
Үмітпен сені ұшырып,
Қарайын ұзақ жолыңа.
Айтпайын атап атымды,
Айтайын махаббатымды.
Аспандай ұшып,апаршы,
Аллаға жазған хатымды!..
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі