Ұя
Бұл бетте «Ұя» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Ұя"деген, төгілген,
Қандай шуақ сөз еді.
Өнебойы өрілген,
Мейірім-ау, өзегі.
Жүрек шіркін тулады,
Қарлығашты көргенде.
Үйректейін судағы,
Ойым сүңгіп тереңге.
Қағып сүйір қанатын,
Көк жүзінде зырлайды.
Балапанын салатын,
Ұя жасап, тынбайды.
Мәпелеген ата-ана,
Көз алдымда тұрады.
Көңіл тербеп жата ма,
Туған үйдің тұрағы.
Сол ғой ұям, ып-ыстық,
Сонда өсіппін мына мен.
Тербететін, тыныштық,
Әдемі еді бұл әлем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі