Бұл бетте «Үзілген жапырақ» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сары ала айналам,
Отырмын. Бау іші.
Құстардың сайраған,
Тым сирек дауысы.
Бойжеткен-теректе,
Жалғыз тал жапырақ.
Желменен желөкпе,
Тұр байғұс қалтырап...
Ұшырып құлатты,
Құйын кеп сорына.
Көбелек сияқты,
Қонды кеп қолыма.
Қалайша жайланам,
Жатыр ол бүрісіп.
Жасыл шақ жайнаған,
Жалт етті-ау жылысып.
Мұратын күн ұғып,
Тұратын биікте.
Бір күні жұлынып,
Түсерін біліп пе?!
Көңілім қалғандай,
Сұрланған жүзіңнен.
Жапырақ-армандай,
Үміттей үзілген.
Тағдырдың мазағы,
Қас-қағым, қазір-ау.
Жапырақ ажалы -
Бұтақтан ажырау!
Бұл жай, сыр толғайды,
Алатын сабақты ұқ.
Кеткендер оңбайды,
Тамырын талақ қып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі