Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Олжас Сүлейменовке

Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз,
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде,
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен,
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да,
Ал сен туған мекеніне терең тамыр жайдың да,
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге,
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң-зарына болысып,
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!


Пікірлер (3)

Tolganai

керемет

Абат

Өз тілінде сөйлемейтін, өз тілінде ойламайтын ол- адам, Өз халқының патриоты бола алмайды ешқашан!

Хадиша

Бүл өлең өте мағыналы пайғамбарларымыз туралы жазылған мен осы өлеңді таңдағаныма өкінбеймін ????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері