Күмән – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Күмән» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1557
Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
бейтаныс қара күшік.

Көз байланарлық (жарық) қараңғы,
Құлақ тұндырарлық (айқай) үнсіздік.

Үнсіздік даусы неге тым әлсіз?
Жарық пердесі неге тым жұқа?

Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
бейтаныс қара күшік.

Біз бірге сезінгендей болдық
Айналамызда жасыл ағаштар бардай
Астымызда адастырмайтын жол бардай
Дәл қазіргі уақыт бірде өткен күнге,
Өткен күн- асыраушымызға айналардай.

Кенет...
Бақ ортасында күшік ұлый бастады:
қоңыраулы түйелер керуені адасып барады
имамның сылтып басқаны
аспан төсінде жұлдыздардың шыңғырып аққаны
көшелердің ауыр күрсінгені

Ымырт қараңғысында бақ ішіне аттадым
аттады менімен бірге
адасқан қара күшік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмән өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Күмән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері