Мен өзім – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Мен өзім» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2158
Тұра салып тісімді,
Тап-таза етіп тастаймын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығуды бастаймын.

Әдебімді білемін,
Жамандықтан шектеймін,
Киімімді ілемін,
Шашып тастап кетпеймін.

Жарықты да сөндірем,
Суды барып тексерем.
Бұдан былай болды мен,
Үнемдеуді е скерем.

Айтқан ақылды ұғамын,
Жылы киім киінем.
Шат көңілмен шығамын,
Күнде ертең үйімнен.

Күнде кітап оқимын,
Нақыл сөзін теремін.
Көкейіме тоқимын,
Ұмытпаймын дерегін.

Бағып-қаққан ата-анам,
Үміті ертең ақталар.
Мықты азамат атанам,
Бүкіл қазақ мақтанар.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері