Жүрегім менің – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Жүрегім менің» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2026
Асау аттай шапқылаған жүрегім,
Сабырға да бас ұрмайтын шағы бар.
Жүрегімнің түсіндей бұл реңім
Мұздаса ол, реңінің қары бар.
Асау аттай жүрегімді қозғама,
Жіберме оны теңізге де тауларға.
Кейде оттай жанып кете жаздаған
Тепіріштің тасы оған ауғанда.
Асау аттай жүрегімде дауыл бар,
Жалғандықтың бет пердесін ұнатпас.
Бұл жүрегім мұңнан ғана ауырлар
Жылар өзі, өзгелерді жылатпас.
Бұл жүрегім сезім сырды аялар,
Тамырымда бүлкілдейді бір ағын.
Жүрегім тек махаббатты саялар
Сүйсем егер жүрегіммен сүйемін.
Асау жүрек, адал жүрек жүрегім,
Жүрегімді мазалама пенделер.
Жүрегімнің дүрсілінен білемін
Жүрегімнің кілтін ашып кім келер?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері