Жаным маған «кел» дедің – Кадрия Темірболатова

Бұл бетте «Жаным маған «кел» дедің» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1951
Жаным маған кел дедің,
«Кел» деген соң келгенім.
Қарамадым артыма,
Қарамадым алдыма,
Сен болған соң сенгенім.
Ауыр сөзді кешірдім,
Ащы сөзді кешірдім.
Өкпе-назды бәрін де
Көңілімнен өшірдім.
Үміт-отым жанды ма?
Тағы әуреге салды ма?
Бас ұрғандай өзіңе
Тағы келдім алдыңа.
Бермес деген тілекті,
Қиялдан тартып алғаным.
Ызалы мұңды жүректі
Алақаныңа салғаным.
Оттай лаулап жан жағым,
Көрмедім сан көздерді.
Ойыма да алмадым
«Тоқта» деген сөздерді.
Төзімдерім таусылып,
Жанарыңа үңілдім.
«Кел, кел» деген даусыңа
Келемін деп жүгірдім.
«Кел, кел» деген тәтті сөз,
Шырын сынды, бал сынды.
Қандай ғажап осы кез
Сағындым ғой даусыңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері