Әкетайым суреті – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Әкетайым суреті» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 1
  • 2390
Тойлайтұғын кез жетті,
Менің туған күнімді.
Ағам сурет көрсетті,
— Сыйлығым, - деп, - бүгінгі.

Алтыдасың бүгін сен,
Кім екенін айта ғой?
Ол суретті білуші ем,
Дедім:
— Әкем-папа ғой.

Бар досымды жинады,
Ағам сурет сыйлады.
— Бақытты бол, гүлім! – деп
Әкем тұрды күлімдеп.


Пікірлер (1)

султанбек

күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері