Бұл бетте «Бөбек» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— Ата, Сізге сұрағым бр? — Сұрай қойшы ұланым. — Отан – туым, Отан – арым, Отан – асыл ұраным. Деген асқақ, ұлы сөздің мағынасы – сұрарым.
Жұлдыз дейсің, күн дейсің, Жайнап тұрған гүл дейсің. Ең жақсы гүл, жарық күн – Әжең емей, кім дейсің?
Тербеліп алтын бидай, тебіреніп, Алтын күн шуақ төге еміреніп, Ақырын айдарымнан аймалайды, Аяулы атамекен желі келіп.
Бұл дала күлді талай, жылады да, Келеді күй әуені құлағыма. Чикаго қаласына қызықпаймын, Құмартпаймын Альбион тұманына,
Жүрген жерім серуендеп – қала маңы, Жанған отқа құмарттым даладағы. Шетке шығып шаһардан алаулатып, Отыр өңшең қазақтың балалары.
Ендірер қызғалдақтай құм шырайын, Әкеліп асыл дария, сыршыл ағын. Жантайып киіз үйде жатқан бабам, Сезбеді-ау жамбасынан су шығарын.
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі